Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандағы киноөндіріс қызметінің 83%-ы Алматы мен Астанаға тиесілі

Биылғы қаңтар–маусым айларында кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, дыбыс жазбалар және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет көлемі 23,4 млрд теңгені құрады — бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 10,5% көп (физикалық көлемнің нақты өсімі бар болғаны 1,6%), деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде сектордағы қызмет көрсету көлемі 21,2 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 19,6% өсті.

Өңірлер бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 64,5%-ы Алматы қаласында болды: 15,1 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 4,1% ақшалай көп. Елорда 18,6%-ын қамтамасыз етті: 4,4 млрд теңге, былтырғыдан 10,2% аз. Үздік үштікті Шымкент түйіндеп тұр: 1,2 млрд теңге, жылдық өсім 88,3%. Сала бойынша қызмет көрсетудің ең аз көлемі Ұлытау, Ақмола және Қызылорда облыстарында байқалды: тиісінше 2,5 млн, 11,6 млн және 20,1 млн теңге.


Сектордағы қызметтердің 44,5%-ы фильмдерді көрсету қызметтерімен байланысты болды: 10,4 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 3,2 есе артық. Тағы 35,8% фильмдер мен бағдарламаларды шығару қызметтері: 8,4 млрд теңге, бір жылда 29,9% азайды. Одан кейінгі орында фильмдер мен телебағдарламаларды тарату: 4,2 млрд теңге, 26,7% азайды. Ал фильмдер мен бағдарламаларды аяқтау қызметінің көлемі 346,8 млн теңгені, ал дыбыс жазу және музыкалық шығармаларды басып шығару саласындағы қызмет көлемі 101 млн теңгені құрады.

Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, кинотеатр қызметі бір жылда 10,1% қымбаттады.


Ең қатты қымбаттаған Ақмола облысы: бірден 50%. Одан кейін Ақтөбе (20,3% қымбаттады) және Түркістан (18,2% қымбаттады) облыстары.

Ал Маңғыстау облысында баға бұрынғы деңгейде сақталса, Шымкентте 2,8% төмендеген. Қазақстанда фильмдерді шығару сапасы, олардың мазмұны мен қолданылатын технологиялары жақсарды, деп хабарлайды Хабар24. Сонымен қатар, Джордж Вашингтон университетінің кинотану және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Питер Роллбергтің айтуынша, Қазақстанда шағын сериалдар танымал болып келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады