Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада 19 наурыз күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

Елордада 19 наурыз күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады
Фото: Астана қаласының әкімдігі

19 наурызда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау күні елордада қоғамдық көліктер қалалық және қала маңындағы маршруттарда тегін болады,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық көлік әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін қатынайды. Ал 20 наурыздан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорда әкімінің тапсырмасы бойынша қаланың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін тегін жол жүру тәсілі енгізілген болатын. Осы уақыт ішінде оқушылар 48 миллион сапар жасады.

Сол сияқты азаматтардың жеңілдетілген санаттары, оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және т.б. тегін жол жүруді пайдаланады.

Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғын елордадағы сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн біле алады:
1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
2. Telegram-дағы Чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot
3. Smart Astana мобильді қосымшасы;
4. IKomek бірыңғай байланыс орталығы 109 телефоны бойынша.

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру арқылы конституциялық құқығыңызды пайдаланыңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады