Жексенбі күні, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып kazlenta.kz хабарлайды.
"Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді", - деп хабарлады CTS.
Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар қалыпты кестесіне сәйкес қатынайды.
⠀
Сонымен қатар компания қала тұрғындарына санитарлық нормаларды сақтау және автобустарға бетпердесіз кірмеу керегін ескертеді.
⠀
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.