Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

AMANAT: Алматы облысында үшауысымды мектептер жойылады

AMANAT: Алматы облысында үшауысымды мектептер жойылады

Өңірде үшауысымды оқытатын 52 мектеп бар. 61 білім ошағы үй-жайларда орналасқан. Қазірде жалпы өңір бойынша 6,7 мың оқушы орны жетіспейді. Мұндай мәселе жеткіншектерді балабақшамен қамту жайында да бар. 

Алматы облыстық «AMANAT» партиясының 2027 жылға арналған сайлауалды бағдарламасы өңірдегі проблемалардың шешілу жолын айқындады. Алдағы жоспарды мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Увалиев Іле ауданындағы Байсерке ауылдық округіндегі №28 мектеп гимназиясының еңбек ұжымымен кездесуде баяндады. Айтуынша, алда Іле ауданымен қатар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандарында және Қонаев қаласында үшауысымды оқытуды жою үшін 63 мектеп салынады.

«Жаңа нысандардың қолданысқа берілуімен 68,2 мың оқушы орны пайда болады. Сонымен қоса, 39 білім ошағы күрделі жөндеуден өткізілмек. Балабақшалардағы кезек мәселесін шешу мақсатында 370-тен астам мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылады. Әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан балаларға тегін тамақ беріледі», − деді Мұрат Увалиев. 

Кандидат ұстаздарға сайлауалды бағдарламасының негізгі қағидаттарын түсіндірді. Бұл құжаттағы жаңашылдықтар ертеңгі қуатты Қазақстанды құруға бағыттайтынын атап өтті.

Қатысушыларды толғандырған сұрақтарды сұрастырып, тиісті жауабын берді. Педагогтер қауымын алдағы сайлауда белсенділік танытуды сұрады.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді