Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі

Еліміздегі санитарлық жағдайға байланысты өткен оқу жылында Алматы облысының оқушылары да аралас форматта оқытылды. Пәндердің 70% мектепте, 30 % онлайн режимде, ал оқушы саны 300-ден аспайтын мектептер штаттық режимде білім алды. Онлайн оқумен қамтуда барлық жағдай жасалып, 79936 бірлік компьютер сатып алуға 12,6 млрд. теңге бөлінді. Демеушілер көмегімен де 2110 бірлік компьютерлік құрылғылар алынды. Цифрландыру көрсеткіші бойынша бір оқушыға бір компьютерден келуі керек. Бүгінгі таңда 4,2 оқушыға 1 компьютерден келеді.

Жыл басынан бері 9590 орынды 135 балабақша ашылды. 3-6 жастағы балаларды қамту бойынша жоспарланған көрсеткіш 99,9 пайызға қол жеткізу мақсатында мемлекеттік тапсырысқа қосымша 2,5 млрд. теңге қарастырылды. Жалпы, облыс бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі 42,5 млрд. теңгені құрайды, оның 34,3 млрд. теңгесі жергілікті бюджет қаражаты. 2022 жылы балаларды балабақшамен қамту 100 пайызға жеткізіледі.

Жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта білім алатын болғандықтан облыстың барлық оқу мекемелері 100% «Ашық» жобасына тіркелді. Қыркүйек-желтоқсан айларында мектептерді дезинфекциялық құралдармен қамту үшін 435 млн. теңге бөлінді.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 5,5 млрд. теңге қарастырылса, 3,8 млрд. теңгесі оқулық сатып алуға, кітаптар қорын жаңартуға жұмсалды. Сондай-ақ, 23 STEM кабинет сатып алуға 325 млн. 638 мың теңге бөлінді.

Білім күні 1-сынып  табалдырығын 46281 бүлдіршін аттады. Жыл сайын оқушылардың қатары 20 мың балаға көбейіп отырғаны қуантады, әрине. Мұнымен қатар үшауысымды мектептер мәселесі де жыл сайын алдымыздан шығады. Облысымызда мұндай 49 мектеп бар. Қазіргі таңда 41 білім беру мекемесіне құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның 19-ы үшауысымды мектептердің орнын баспақ.

Үш ауысымда оқытатын және бейімделген мектептердің орнына алдағы уақытта 115 мектеп салыгуы тиіс. Биылға жоспарланған 17 мектептің 12-сі іске қосылды, оның алтауы жекеменшік мектеп. Жыл соңына дейін тағы бес мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан басқа 137 мектепті жаңғырту жүргізілуде, оған 11,3 млрд. теңге көзделген. Осы жылы 21 білім нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 7,7 млрд. теңге бөлінді, жаңа оқу жылы басталғанға дейін 12 нысанның құрылыс аяқталды. Қалған 9 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Өткен жылы 4 студенттер үйі салынып пайдалануға берілсе, биыл Талдықорған саз колледжі жатақханасының құрылысы басталмақ.

Дегенмен, облыста кәсіптік білім беру, кадр тапшылығы мәселелеріне де тоқталып, ветеринария, құрылыс, фермерлік шаруашылық, ақпараттық жүйелер сияқты салаларда маман жетіспеушілігі байқалады. Қазіргі кезде Web-дизайнер, туризм және қызмет көрсету саласын дамытуда аспазшы, кондитер, қонақ үй және туризм шаруашылығының менеджері мен нұсқаушы мамандықтарына сұраныс артып, осыған орай ағымдағы оқу жылында аталған мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көбейуде. Сондықтан Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында биылғы оқу жылынан бастап барлық колледждер оқу үрдісі модульдік-кредиттік технологиялар негізінде жүргізілмек.

Елбасы мен ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласында осы санаттағы балаларды орналастырудың баламалы нысандарын дамытуға, балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің санын қысқартуға бағытталған.

Облыста соңғы екі жылда отбасылық типтегі 9 балалар үйі ашылып, патронаттық тәрбие дамыған. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 569 бала 2015-2020 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органдар тарапынан баспанамен қамтылған.

Жыл сайын білім беру саласына жасалған қолдаудың арқасында облыс оқушыларының білім сапасы жоғарылап, мұғалімдердің де ынтасы артып келеді. Осы салаға бағытталған мемлекеттік қолдау алдағы уақытта да жалғаспақ.

Қажет Андас,
Алматы облысы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді