Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда электромобильдердің саны 65% өскен

Биыл жыл басында республикада аралас отынмен жүретін 322,4 мың жеңіл автокөлік болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,5% артық. Мұндай автокөліктердің үлесі Қазақстанда тіркелген барлық көліктердің 8,2%-ына тең, деп хабарлайды kazlenta.kz zakon.kz сайтына сілтеп.

Гибридті көліктер ауаны өндірушілер мәлімдегеннен де көбірек ластайды. Тәуелсіз ұйымдардың жасаған сынағы гибридті көліктер зертхана деректерінен гөрі көп жанармай жағатынын бірнеше рет растады.

Бұл ретте Қазақстанда электр қуатымен жүретін автомобильдер саны бір жылда 65,4% өсті. Дегенмен саны 812-ге ғана жетті. Мұндай айтарлықтай өсім 2017 жылдан бері және көрсеткіштің ұзақ мерзімді төмендеуінен кейін алғаш рет байқалды. Дегенмен Қазақстандағы электрмен жүретін көліктердің үлесі жалпы парктің елеусіз 0,02%-ына тең. Бұл туралы Finprom.kz жазды.

Өңірлік тұрғыда аралас отынмен жүретін жеңіл автокөліктердің басым бөлігі Маңғыстау облысында тіркелген: 74,3 мың автокөлік – бір жыл бұрынғыдан 3,6% көп.

Екінші және үшінші қатарда Ақтөбе (35,8 мың, плюс 6,4%) және Түркістан (23,1 мың, плюс 27,7%) облыстары орналасқан. Мұндай көліктердің ең азы Ұлытау (барлығы 229), Абай (295) және Жетісу (409) облыстарында тіркелген. Мұндай статистика бұл аймақтардың жақында құрылуымен түсіндіріледі.

Электромобильдердің басым бөлігі Алматы тұрғындары арасында тіркелген: былтыр жыл басында 43-і ғана болса, қазір 420 автокөлік. Екінші қатарда Солтүстік Қазақстан облысы: 108 дана. Үздік үштікті Астана жапты: бір жыл бұрынғы 35 көлікке қарсы 61 автокөлік.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады