Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР-да көлік ұрлаушылардың белсенділігі жыл сайын төмендеуде

Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда 251 автокөлік ұрлығы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6% аз, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Анықтама үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде республикада 267 автокөлік ұрлығы тіркеліп, жылдық динамикада бірден айтарлықтай 16,3% азайған. Ескерту: 2020 жылдан бастап, коронавирустық пандемия басталғаннан бері елімізде тіркелген автокөлік ұрлығының саны жүйелі түрде азайып келеді. Жалпы, биыл қаңтар–қыркүйек айларында барлық көлік түрлері бойынша 3,6 мың ұрлық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы 3,1 мыңнан 13,9% көп.


Өңірлер бойынша автокөлік ұрлығының басым бөлігі Алматы қаласында тіркелді: 57 дерек — бір жыл бұрынғыдан бірден 46,2% көп.

Одан кейін Қостанай (31 автокөлік ұрлығы, бір жылда 19,2% көбейген) және Қарағанды (28 автокөлік ұрлығы, 24,3% азайған) облыстары. Көлік ұрлығының ең азы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: былтырғыдай 2 оқиға.


Атырау облысында автокөлік ұрлығы санының айтарлықтай өскені тіркелді: бір жыл бұрынғы 2 оқиғамен салыстырғанда биыл 3 есе көбейіп, 6 ұрлық болды. Ақтөбе облысында ұрлық саны үш есеге жуық азайдыі: 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 27 оқиға болса, биыл 10 оқиға.


Қазақстанда жапон маркалары көп ұрланады, деп хабарлайды zakon.kz. Порталдың мәліметінше, жыл басынан бері елімізде 909 көлік ұрланса, оның 775-і, яғни 85,3%-ы табылып, заңды иелеріне қайтарылған. 19 қылмыстық топ ұсталып, олардың халықаралық байланысы тексерілуде. Сондай-ақ, соңғы жылдары ұрланған көліктерді сатудың бір жолына айналған «егіз» көліктер мәселесі өткір болып отырғаны айтылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады