ҚР-да 2022 жылы жеңіл автокөліктер саны 2,9% өсіп, 2023 жылдың басында 3,91 млн дананы құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz ranking.kz сайтына сілтеп.
Олардың ішінде 10 жылдан асқан көліктер саны 2,76 млн-ға жетті, бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен бірден 14,7% көп. 10 жылдан асқан автокөліктердің үлесі бір жылда 63,4%-дан 70,6%-ға дейін өсті.
Оның үстіне ҚР-дағы 10 жеңіл көліктің 5-нің шыққанына 20 жылдан асқан — бұл шамамен 2 млн көлік. Елімізде 10–20 жыл аралығындағы көліктер саны 816 мың.

Бұл ретте елдегі екі өңірде ескі көліктердің үлесі мұншалықты көп емес. Атап айтқанда, олар Атырау облысы және Астана қаласы, мұнда 10 жылдан асқан автокөліктер автопарктің жартысынан азын құрайды: тиісінше 45,5% және 48,1%.

20 жастан асқан әдбен ескі көліктерге келсек, мұндай көліктердің жартысына жуығы бес облыста: Алматы облысында (317,8 мың дана), Алматыда (177,2 мың), Қарағанды (157, 3 мың) , Шығыс Қазақстан (154,9 мың) және Жамбыл (145 мың) облыстарында.
Бір қызығы, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында 20 жылдан асқан 103,2 мың көлік әлі тіркеуде тұр. 20 жастан асқан тағы 115,9 мың жеңіл автокөлікте мүлде өңір көрсетілмеген.
Еске салайық, биыл елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жүргізілуде (заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады). Заңдастыру басталғалы 23 қаңтар мен 3 ақпан аралығында 10 мың көлік заңдастырылған.

Бұл ретте оның 430,5 мыңы 20 жылдан асқан көліктер. 2022 жылы ескі көліктердің басым бөлігі желтоқсанда (45,4 мың дана), қазанда (42,9 мың) және мамырда (39,5 мың) тіркелген.
