Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент тұрғыны InDriver жүргізушілерін алдап, атынан несие рәсімдеген

Полицейлер алаяқтық жолмен InDriver жүргізушілерінің дерегін алып, оларға шағын несие ұйымдарынан несие рәсімдеген тұрғынды ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды kazlenta.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

"Шымкент тұрғыны InDriver қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға тапсырыс беремін деген желеумен жүргізушілердің жеке мәліметін - жеке куәліктерін, верификация үшін суреттерін, сондай-ақ банк шотының деректемелерін алаяқтық жолмен алған. Содан кейін ол жәбірленушілерге шағын несие ұйымдарынан несие рәсімдеген", - деді ІІМ өкілдері.

Полиция мәліметінше, қазір оның осындай тоғыз дерекке қатысы бар екені дәлелденді.

Түркістан облысында тағы бір алаяқ ұсталды. Ол өзін спутниктік телевидение қызметкерімін деп таныстырып, сонымен қатар азаматтардан жеке мәліметін алып, шағын несие ұйымдарына несие алуға өтініш берген.

"Оның осындай 30-дан аса дерекке қатысы бар. Мұндай қылмыстарға қарсы тұру үшін Ішкі істер министрлігінің бастамасымен биометрика және электрон цифрлық қолтаңба арқылы онлайн-несие беру рәсімдері күшейтілді", - деді ведомство өкілдері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты