Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда өрттен 20 адам құтқарылды

Екібастұздық өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 20 адамды құтқарды, оның төртеуі балалар. Оқиға 19 ақпан күні таңертең болды. Өрт бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінен шықты, деп хабарлайды kalenta.kz basnews.kz сайтына сілтеп.

«Өрт сөндірушілер келгеннен кейін бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт болғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында баспалдақ, «Респиход» құтқару құрылғысы мен сатының көмегімен 20 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала бар. Өрттің таралуына жол берілмеді» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі. 

Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылғаны нақтыланды. Өрт сағат 10.21-де оқшауланып, 10.34-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Айта кетейік, Екібастұзда жергілікті жылу электр орталығындағы  бір тәулікке жуық болған апатты жағдай жойылды. Тұрғындар үйлерінде азынаған суық болып, электр жылытқыштарын қосуға мәжбүр болғанын айтып шағымданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді