Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен 76 адам қаза болды

Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ақпанның 5-нен 6-на қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте 7,8 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апаттарды басқару басқармасы мәліметінше, жер сілкінісінен 76 адам қаза тапты.

"Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30-дағы ақпарат бойынша, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфе, Диярбакыр, Адана, Адияман, Малатия, Османие, Хатай және Килис қалаларында 76 азамат қаза тауып, 440 азамат жарақат алды", - деп хабарлады ведомство.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты