Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

5 облыстағы таулы аймақта қар көлемі жылдық мөлшерден жоғары

Еліміздің 5 облысындағы таулы аймақта қар көлемі жылдық мөлшерден жоғары. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.
«2023 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша жазық аумақтағы қар жамылғысындағы ылғал қорының көрсеткіштері негізінен орташа жылдық мәннен жоғары. Ұлытау облысының Кеңгір өзенінің алабында - 28, Қостанай облысының Қараторғай өзенінің алабында - 26, Ақтөбе облысының Ілек өзенінің алабында 15 пайызға жоғары болып тұр. Қарағанды облысының өзен алаптарында, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген өзен алаптарында орташа көп жылдық мәндер шегінде байқалады. Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Ұлытау және Қостанай облыстарының өзен алаптарында орташа көпжылдық мәндерден төмен», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, 2023 жылғы 1 ақпандағы қар өлшеу маршруттарының деректері бойынша елдің таулы бөлігінде қар көлемі 5 өңірде орташа көпжылдық мәннен жоғары болып отыр. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларының аймақтарында, сондай-ақ Ертіс өзенінің сол жағалауындағы салаларда және Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінде - 33-80, Жетісу облысындағы Жетісу Алатауы өзендерінің алаптарында - 39, Түркістан және Жамбыл облыстарындағы Қаратау жотасының оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс беткейіндегі өзендердің бассейндерінде 13-29 пайызға жоғары. Ал Алматы облысындағы Іле Алатауының солтүстік және оңтүстік беткейлерінің, сондай-ақ Кетмен жотасының солтүстік беткейіндегі өзен алаптарында қар орташа көпжылдық мән шегінде болса, Түркістан және Жамбыл облыстарының тауларындағы орташа көпжылдық мәннен төмен.
«Топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштері келесідей қалыптасты. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары өзендерінің алаптарында - 23-46, Қостанай облысы өзендерінің алаптарында - 12-123, Атырау және Ақтөбе облыстары өзендерінің алаптарында 15-72, Батыс Қазақстан облысы өзендерінің алаптарында 33-104 пайыз орташа көпжылдық мәннен жоғары. Орташа көпжылдық мәннен Қарағанды облысы өзендерінің алаптарында - 22-44 және Ұлытау облысы өзендерінің алаптарында – 34-37, сондай-ақ Ақмола облысының жекелеген өзендерінде – 21-47, Ақтөбе облысының жекелеген өзендерінде 13 пайыз төмен», - деді вице-министр.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады