Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда екі шетелдік сектант ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері заңсыз діни қызметпен айналысқан екі шетелдікті жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясының екі азаматы жүзеге асырған заңсыз діни қызметті тоқтатты. Олардың Қазақстанда тіркелмеген діни ұйымның ізбасарлары екені анықталды. Олар 2022 жылдан бастап облысқа келіп жүрген уақыттан бері Петропавл тұрғындарын өз ұйымдарының өміріне тартып, “жанның тазаруы болады” деп уәде берген. Осы ұйымға адамдарды ізбасарлар мен мессенджерлер арқылы тартқан. Қылмыскерлер – 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел — Я.Гашек көшесіндегі жалдамалы пәтерде ұсталды.

Күдіктілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

"Осы баптың 10-бөлігінде тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу туралы жазылған", - дейді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты