Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан экологиялық тиімділік рейтінгісінде 180 елдінің ішінде 93-ші орынға тұрақтады

Республика рейтингтің еуропалық көшбасшыларынан ғана емес, мысалы, Намибиядан, Габоннан және Зимбабведен төмен екендігі анықталды, деп хабарлайды Energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


ҚР-да экологияға инвестиция салуға асығар емес. Сонымен қатар, елдегі, әсіресе, өнеркәсіптік аймақтардағы жағдай көңіл көншітпейді. Осылайша, «жасыл» өмір сүруге ең үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 72-орынға ғана ие болды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда Ресей, Беларусь және Әзірбайжанда жағдай жақсырақ. Рейтинг мына үш санат бойынша жаһандық сауалнама нәтижелері негізінде анықталды: қоршаған ортаға қорғау, денсаулық сақтау және инновация.


Өз кезегінде, мемлекеттік саясаттың экологиялық көрсеткіштерін сандық бағалауға негізделген экологиялық тиімділік рейтингінде Қазақстан 100-ден 40,9 индексімен 180 елдің ішінде 93-орында болды. Намибия, Габон, Зимбабве, Эсватини және Ауғанстан сияқты елдер Қазақстаннан жоғары.


Айта кету керек, қоршаған ортаны қорғауға инвестицияның жеткіліксіз деңгейі мен кәсіпорындардың жауапкершілігінің төмендігінен басқа, Қазақстанда ашық қателіктер жиі кездеседі. Мәселен, биылғы жылдың тамыз айының соңында экология саласындағы ең проблемалы компаниялардың бірі – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы аумаққа экологиялық аудит жүргізбеді. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары, атап айтқанда, бас директор Биджу Наир шенеуніктерге тексеру шараларын жүргізуге кедергі келтірді, деп хабарлайды liter.kz Қарағанды облысының экология департаментіне сілтеме жасап. Жалпы бұл компанияда мұндай жағдай бірінші рет кездесіп отырған жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады