Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан денсаулық сақтау деңгейі бойынша 96 елдің ішінде 58-орынға табан тіреді

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысында Қазақстан денсаулық сақтау деңгейі бойынша 96 елдің ішінде 58-орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz 

Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 74 млрд теңгеге жеткен. Finprom.kz сайтының жазғанына сүйенсек, бұл –Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш.  Дегенмен, Numbeo рейтингінде еліміз денсаулықсақтау деңгейі бойынша 96 елдің ішінде 58 орын алып отыр. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанның денсаулық сақтау индексі – 59,89. «Денсаулық сақтау индексі дегеніміз – денсаулық сақтау жүйесінің жалпы сапасына берілетін баға.Оның ішіне қызметкерлердің біліктілігі, еңбегіне алатын ақысы, көрсетілетін медициналық қызметтің құны да кіреді. Индестіесептеп шығару үшін Numbeo сайты кейінгі 36 айдың көрсеткіштерін негізге алады.

Осылайша жылына екі рет рейтингтүзіліп отырады», - деп түсіндіреді Finprom.kz. Биыл бұл көшті Тайвань бастап тұр. Индекс көрсеткіші – 86,04. Алғашқы үштікті Оңтүстік Корея мен Жапония түйіндеп тұр. Рейтингті Бангладеш (41,74), Венесуэла (39,15), Мальта (38,24) сияқты елдер түйіндеген. 56-орында тұрған Қазақстанның денсаулық индексі көш соңындағы Мальтадан 19 ұпайы жоғары. Қазақстаннан кейінгі 59 орынды Еуразиялық экономикалық одақтағы басты серіктесі Ресей Федерациясы тұр. Аталған одақтың өзге мүшелері де бұлрейтингтің төменгі бөлігінен орын тапқан. Армения 55,74 индекспен 72 орынға, Беларусь 46,14 индекспен 92орынға тұрақтаған.  «2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қызметтерге 73,7 млрд теңге инвестиция салды.

Бұл былтырғы кезеңнен 15,2% артық және рекордтық көрсеткіш болып есептеледі, -деп жазылған сараптамада. Еске салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігі саланы цифрландырудан қашып отырғанын айтып, сынаған еді. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді