Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесі сапасының рейтингінде Қазақстан 96 елдің ішінде 58-орын алды

Биылғы бірінші жартыжылдықта денсаулық сақтау жүйесі сапасының рейтингінде Қазақстан 96 елдің ішінде 58-орын алды. Елдің индексі 59,89 болды. Индекс 100-ге жақындаған сайын денсаулық сақтау жүйесі жақсы деп саналады. Рейтингте денсаулық сақтау мамандарының деңгейі, құрал-жабдықтар, персонал, дәрігерлер мен қызметтердің құны бағаланды, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

ТМД елдерінің ішінде Ресей, Армения, Украина, Әзірбайжан және Беларусь елдерінің көрсеткіштері Қазақстаннан төмен. Рейтингтің басында Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапония. Соңғы орында Мальта. Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша, ҚР-да амбулаторлық қызметтердің бағасы бір жылда 15,1% өсті. Өңірлер бойынша ең көп Түркістан (27,5%), Қарағанды (24,8%) және Ұлытау (плюс 22,7%) облыстарында қымбаттады.


Баға ең өскен Батыс Қазақстан (2,4%), Ақтөбе (3,4%) және Атырау (8,1%) облыстары. Амбулаториядағы дәрігер мамандар қызметі 18,2%, дәрігердің алғашқы қабылдауы 16,8%, стоматология қызметі 15,1%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметі 10,2% қымбаттады. 2022 жылдың екінші тоқсанында денсаулық сақтау қызметінің көлемі 733,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай түрде 2,7% аз.


Өңірлер бойынша қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматыға тиесілі: 140,3 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 19,1% артық. Үздік үштікке сондай-ақ елорда (106,7 млрд теңге) және Қарағанды облысы (49 млрд теңге) кірді.


Ең аз қызмет көрсету көлемі Ұлытау облысында байқалды: 4,7 млрд теңге. Үш аутсайдер қатарына Абай және Солтүстік Қазақстан облыстары да бар: сәйкесінше 16,3 млрд және 18,2 млрд теңге.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді