Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана тұрғыны пойызда қомақты қаражатын ұмытып кеткен

Көлік полицейлері жолаушыға жоғалтып алған жалпы сомасы 7 млн теңгеге жуық қаражатын жедел тауып, қайтарып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.  

3 ақпан күні Есіл станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне елорданың 43 жастағы тұрғыны 4 миллион теңге және 6 мың АҚШ доллары салынған қара түсті сөмкесін жоғалтып алғандығын айтып, оны табуға көмек көрсету туралы өтініш білдірді.

Сөмкенің иесі Денис Чернецский Алматы-Орал бағытындағы жолаушылар пойызымен Есіл станциясына достарына қонаққа келген. Оның айтуынша, қомақты ақшасы мен құжаттары салынған сөмкесін жоғалтып алғанын үйге келгеннен кейін бірақ білген. Денис бірден Есіл станциясындағы полицейлерге хабарласып, ақшасы салынған сөмкесін жоғалтып алғаны туралы хабарлаған.

Көлік сақшылары өте ширақтықпен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде жоғалған сөмкені тауып, оны толығымен иесіне тапсырды. Ер адам тәртіп сақшыларына жедел әрекет еткендері және қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін үлкен алғысын білдірді.

– Қызметкерлер менің сигналыма тез жауап берді. Пойыз бастығымен байланысып, менің сөмкемнің орналасқан жері анықталды. 6 сағаттан кейін құжаттар мен қолма-қол ақша салынған сөмке маған жеке қайтарылды. Полицейлерге көрсеткен көмегі үшін зор алғысымды білдіремін, – дейді Д.Чернецский.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мәжіліс сайлауы: партиялар қанша мандат алды?
Қазақстан 2022 жылғы әлемдік саудадағы өзгерістерден ұтты
ҰҚК Қырғызстан полициясымен бірнеше сатылы арнайы операция жүргізді
Қатты ашуланып кеткен шығармын - Бибісара Асаубаева жанжал туралы
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді