Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында прокурорға 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара ұсынды деген күдікпен казино қызметкері ұсталды

Ақмола облысында прокурорға 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара ұсынды деген күдікпен казино қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратура ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, 26 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментімен бірлесе отырып, "Cash Ville" казиносы заңгерінің қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойған.
"Прокурорлық тексеру кезінде казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынған. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру фактісі тіркеуге алынды", - делінген хабарламада. 
Ведомство қазіргі таңда бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. 2023 жылдың 28 қаңтарында Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады