Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте инвестициялық блоктың жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар талқыланды

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында Үкіметтің инвестициялық блогының жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz.


Отырысқа қатысушылар инвестициялық дауларды қарау процесін жеделдету, инвесторларды құқықтық қорғауды күшейту және мемлекеттік органдардың шарттық міндеттемелерді орындамау себептерін жою жөніндегі шараларды талқылады.

Сонымен қатар өңірлерде инвестиция тартуды ынталандыру, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жеңілдету, кәсіпкерлердің қаржы көздеріне қолжетімділігін кеңейту бойынша ұсыныстар қаралды.

Бұдан басқа, отырыста инвесторлардың жобалар үшін техникалық шарттар мен жер учаскелерін алу кезінде кездесетін кедергілерді алып тастау бойынша ұсынымдар әзірленді. Атап айтқанда, бұл тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру және қолдану, сондай-ақ бағалау компанияларының жауапкершілігін арттыру арқылы рұқсат беру процесін цифрландыруға қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес Үкіметтің инвестициялық блогын күшейту жөніндегі шаралардың жаңа пакетін пысықтауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мәжіліс сайлауы: партиялар қанша мандат алды?
Қазақстан 2022 жылғы әлемдік саудадағы өзгерістерден ұтты
ҰҚК Қырғызстан полициясымен бірнеше сатылы арнайы операция жүргізді
Қатты ашуланып кеткен шығармын - Бибісара Асаубаева жанжал туралы
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді