Жс, 27 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Смайылов бизнеске қысымды азайту үшін қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарауды тапсырды

Премьер-министр экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізіп, онда республикадағы инвестициялық климатты жақсартуға қатысты қосымша ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Primeminister.kz. 
Белгілі болғандай, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 15 трлн теңге болғанын және бұл жоспардың 94%-ыекенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта инвесторлар сыртқы экономикалық жағдайды бақылап отырғанына қарамастан, инвестициялық белсенділік біртіндеп қалпына келуде.
Бұл ретте ол республиканың шикізаттық емес секторына салынған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі өсіп келетінін айтты. Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар кешенді шараны іске асыру ұсынылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік преференциялар алу үшін органдардың өтінімдерін келісу мерзімін қысқарту және мемлекеттік қолдау шараларына ие болу үшін инвестициялардың шекті көлемін азайту ұсынылды.
Премьер-Министр бұл тәсілдерді қолдап, артықшылықтар берілетін қызметтердің басым бағыттарының тізбесін мұқият пысықтап, жаңа ережелерді бекіту кезінде барлық өңірлік ерекшеліктерді ескеру қажеттігін атап өтті. Үкімет отырысы. Фото: primeminister.kz Бұдан бөлек отырыста инвестициялар туралы келісім бекіту тетігін жетілдіру, өңірлердің инвестициялық рейтингін енгізу және қолданыстағы заңдар мен кодекстерде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жандандыруға мүмкіндік беретін инвесторлар үшін арнайы НҚА әзірлеу мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр республиканың инвестициялық ахуалын жақсарту жөнінде қосымша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл ретте Үкімет басшысы заңның үстемдігін қамтамасыз ету, яғни құқық қорғау және бақылаушы органдар тарапынан бизнеске қысымды төмендету жөніндегі шараларға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
"Бизнеске қатысты қылмыстық істерді қозғауға түрткі болатын негізсіз себептерді алып тастау үшін Қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарау қажет. Әділет министрлігіне тиісті тапсырма берілді, бұл жұмысты күшейтіп, аталған мәселені жан-жақты қарастыру керек. Кәсіпкерлер тап болып отырған шынайы проблемаларға тереңірек үңіліп, жылдам әрі нақты нәтиже беретін тиімді шараларды әзірлеу қажет", — деді Әлихан Смайылов. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты