Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын геосаяси жағдайдың Қазақстанға тигізетін кері әсеріне төтеп беруге бағытталған қажетті шаралар топтамасын талқылаудан басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz.  

Жиын барысында аталған мәселе бойынша Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, Президенттің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Реформалар жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти және Үкімет мүшелері баяндама жасады. Сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов бизнес тарапының ұсыныстарын ортаға салды. 

Президенттің айтуынша, Үкімет құрған Дағдарысқа қарсы шараларды үйлестірудің жедел штабы Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанның экономикалық салаларына тигізетін әсерін жан-жақты талдауға, жағдайдың қалай өрбитініне қарап шара қабылдауға, сондай-ақ  алдағы іс-қимылдардың бірыңғай жоспарын жасауға тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметті бұл бағытта шұғыл әрекет етуге және бизнес қоғамдастықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық талдау негізінде кәсіпорындарды, қажет болған жағдайда, халықтың жекелеген топтарын қолдау шараларының топтамасын дайындауды тапсырды. Сондай-ақ биылғы республикалық бюджет қайта қаралды.

Жоғары кеңестің негізгі отырысы аясында үш мәселе қарастырылды. Олар: мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін күшейту, инвестициялық саясатты жетілдіру, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалау.

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін күшейту жөніндегі бірінші мәселе бойынша Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады. Оның айтуынша, бюджетке түсетін қосымша кірістерді қамтамасыз ету мақсатымен қатты пайдалы қазбалардың үш түріне салынатын пайдалы қазбалар өндірісі салығының мөлшерлемесін орташа есеппен 3 есе өсіру ұсынылады. Бұл бюджетке түсетін кірісті 300 миллиард теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.

Министр капиталды сыртқа шығаруға жол бермеу, шетелдік компаниялардың табысына және цифрлық майнингке салық салу шараларын енгізуді ұсынды. Бұдан бөлек мемлекеттік бюджетке түсетін  қосымша кірістер трансферттік баға белгілеуді қадағалау шараларын, кеден мен салық бақылауын күшейтуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндама қорытындысы бойынша Үкіметке, инвесторлық қоғамдастықпен бірлесіп, халықаралық салық және трансферттік баға белгілеу мәселелерін мұқият пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар отырыста инвестициялық саясаттың жаңа тәсілдерін қалыптастыру мәселесі қарастырылды. Инвестициялық саясат тұжырымдамасы аясында инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту, жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің артуына ықпал ету және баға белгілеудің жаһандық тізбегін терең интеграциялау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалау барысы жөнінде басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев есеп берді. Ол сатып алу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, мұнай, газ өңдеу, көмір және электр қуатын өндіру мен олардың маркетингі нарығының қатысушылары үшін кедергілерді жою сияқты бағдарламаның негізгі басымдықтарын атап өтті. Сонымен бірге кадрлық саясат қайта қаралып, басқару персоналы оңтайландырылған. «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» АҚ сияқты компаниялар IPO-ға шығарылады. Соның арқасында «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 500 миллиард теңге бөле алады. 

Бағдарлама бойынша 8 миллиард АҚШ долларынан астам сапалы инвестиция тарту, жалпы құны 4 триллион теңгеге жаңадан 24 өндіріс орнын ашу және 5000 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Әрбір портфельдік компания үшін қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленіп, жеткізу бағдарлары оңтайландырылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылданады. Мысалы, қор кәсіпорындарына электр қуатын жеткізу үдерісіне қатысатын 44 делдалмен арадағы шартты бұзу жоспарланып отыр. Осы шаралардан кейін экономикалық тиімділік биылдың өзінде 2 миллиард теңгеден асады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді