Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде әуежай маңынан табыт табылды

Абай облысының полиция департаменті Семей қаласындағы әуежайдың жанынан табыттың табылғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірі Семей қаласындағы әуежайдың маңында табыттың жатқанын суретке түсіріп, жазба қалдырған болатын.
"Бұл табытты біреулер түсіріп алды ма әлде лақтырып жіберді ме екен, қандай да бір сүйектер көрінеді, мұндай затты бұлай тастауға болмайды", — деп жазған автор. 
Аталған жазбаға байланысты жауап берген Абай облысы полиция департаменті табыт шынымен табылғанын хабарлады. Оның ішінде адам қалдықтары болмаған.
"Ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табыт әуежайдың жанында қалды", — дейді Абай облысының ПД. 
Осы факт бойынша марқұмның 32 жастағы туысына қатысты жақын арада қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады. Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді