Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ДСМ "Цефтриаксон" препаратынан 18 адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда "Цефтриаксон" препаратын қолданған 18 адамның қайтыс болғаны, сондай-ақ антибиотиктің дәріханалардан жаппай алына бастағаны туралы ақпарат тарады. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stopfake.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

"Цефтриаксонның" жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ", – дейді ведомство өкілдері. 
Басылымның жазуынша, "Цефтриаксон" – бұл сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген ауру кезінде тағайындалатын антибиотик. Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады. Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда "омикрон ХВВ" нұсқасы анықталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады