Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда 34 жастағы ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Павлодар облысында жоғалған жігітті он күннен бері іздеп жатыр. 34 жастағы Денис Покотиленко баласын балабақшаға апарған соң, үйіне оралмаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Екібастұзда 34 жастағы Денис Покотиленконы іздеуді жалғастыруда. Ер адам 13 қазанда баласын балабақшаға апарған соң жоғалып кеткен. "VITA" іздеу тобының мәліметінше, жақында бейнебақылау камераларынан ер адамның жоғалған күні үйіне қайта барғаны белгілі болған. "Біз оның үйіне оралғанын камерамен анықтадық. Содан кейін оның қай уақытта шыққаны анық емес. Әрі қарай қайда кеткенін камера арқылы қарап жатырмыз. Әзірге анықтау мүмкін болмай жатыр", - деді топ жетекшісі Екатерина Кудрявцева. Екібастұздық еріктілердің айтуынша, ер адамды қайдан іздеу керек екенін көрсететін іздер жоқ. Еріктілер тіпті Баянауылға да барған.

"Оны барлық жерден іздедік. Көлікжайлар мен саяжайларды қарадық. Ер адам жүрген жолмен кинологпен бірге жүріп шықтық. Өкінішке қарай, бұл нәтиже бермеді", - дейді іздеу жұмыстарының үйлестірушісі Самал Дүйсенбаева.
 

Қазіргі уақытта бірнеше топқа бөлінген еріктілер, туыстары, достары, әріптестері және полицейлер ер адамды іздеуде. Еске салайық, Денис Покотиленконың бойы 180-185 см, көзі қоңыр, дене бітімі орташа, шашы қара. Ер адамның сол қолында қара кеме түріндегі татуировкасы бар, ал оң қасында кішкентай тыртық бар. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты