Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді

Бүгін Талдықорғанда баспа үйіне белгілі журналист Бейсен Құранбектің есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Басылымның хабарлауынша, шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, парламент сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, телевизия ардагері Қайнар Олжай арнайы келіп қатысты. Олар тарихи күнде Бейсен Құранбектің қазақ телевизиясына қосқан үлкен үлесін тілге тиек етіп, жылы естеліктер айтқан. Айта кетейік, журналист Бейсен Құранбек 2020 жылы 18 мамырда ауыр дерттен дүние салды. Белгілі тележүргізушіні асқазанындағы жара мазалаған. Бейсен Абайұлы 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық "Спорт" газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, "Рахат, "31 арна", "Хабар" арналарында, президенттің телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директоры болды. 2013-17 жылдары "Қазақстан" телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал "Айтуға оңай" әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы "Қарекет" бағдарламасын жүргізді. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады