Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың банкроттығы қалай рәсімделетінін айтты

Жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімдерінің 3 түрі қолданылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

«Жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілеттігін қалпына келтіруге қатысты бүгінгі таңда заң жобасы Парламентте талқыланып жатыр. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімдерінің мынадай 3 түрі қолданылатын болады: соттан тыс банкроттық; сот банкроттығы. Бұл ретте борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылатын болады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі - тұрақты кіріс болған жағдайда сотта борыштарын бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, өтініштерді өңдеу процесін автоматтандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

«Барлық қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қысқа мерзімде қабылданатын болады. Мемлекет басшысының қалған тапсырмалары бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді жұмыс жүргізіледі», - деді Ерұлан Жамаубаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда