Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаржы министрі дивидендтік саясатты қайта қарау тәсілдері әзірленетінін мәлімдеді

Жекешелендіруге жататын нысандар тізіміне енгізу үшін бірқатар басты критерий бекітілді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

«Қазіргі уақытта Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл ретте халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін және табиғи монополиялар субъектілеріне жататын объектілерді алып тастау қарастырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жекешелендіруге жататын объектілер тізіміне енгізу үшін бірқатар басты критерий бекітілді», - деді Е. Жамаубаев.
 
Оның айтуынша, бұл жерде негізгі мақсат – мемлекет үлесін азайта отырып, кәсіпкерлікті дамыту және жекешелендіруден қомақты қаражат түсіру.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқаруға келсек, Үкімет қазіргі уақытта оны реформалау, оның ішінде дивидендтік саясатты қайта қарау бойынша тәсілдер әзірлеп жатыр», - деді Үкімет басшысының орынбасары. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ерұлан Жамаубаев депутаттардың бюджетке қатысты ұсынымдары Үкімет жұмысында ескерілетінін айтты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді