Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда бір жарым миллионға жуық адамның 1,4 трлн теңге өтелмеген қарызы бар

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банктер мен микроқаржы ұйымдарынан алған несиесін өтей алмай жүрген қазақстандықтар туралы статистиканы бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ақпарат агенттігінің жазуынша, Қаржы министрлігі проблемалық қарыздар мәселесін шешу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеген.

"Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1 миллион 400 мыңнан астам қазақстандықтың 1 триллион 450 миллиард теңге қарызы бар. Олар 90 күннен асқан қарыз болып есептеледі", – дейді Біржанов ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, осы санаттағы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасы әзірленген.

"Осы азаматтардың ішінде 5 жылдан астамы қарызы бар 365 мың адам бар. Олардың берешегі бүгінгі таңда 504 млрд теңгені құрайды. Бұл статистика халықтың проблемалық қарыздарын заңнамалық реттеу қажеттілігін көрсетіп отыр", – дейді вице-министр.

Заң жобасын Қаржы министрлігі әзірлеген. Біржановтың сөзінше, бұл құжатты дайындауға халықтың шамадан тыс несиелік ауыртпашылығы мен азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайының нашарлауы түрткі болған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады