Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлем чемпионатында ФИФА қай командаларға айыппұл салды

Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (FIFA) футболдан 2022 жылғы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында үш елге айыппұл салды. Олардың қатарында Сербия, Хорватия мен Сауд Арабиясы бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі bassport.kz басылымына сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Топтық кезеңнің 1-тур ойындарының, яғни Сербияның Бразилияға қарсы өткізген матчы (0:2) алдында сербиялықтардың киім ауыстыру бөлмесінде ілініп тұрған елдің туында Косово аймағы бейнеленгені және онда "Hema Прedaje" - "Берлімеу керек" деген сөз жазылғаны айқын көрініп тұрған сурет желіде кең тарайды. Мұны көрген Косово футбол федерациясы ФИФА-ға шағым жасайды. Нәтижесінде, Сербия футбол одағына 20 мың еуро айыппұл салынды.  Сербия әлем чемпионатында айыппұл алған жалғыз ел емес.  ФИФА Хорватия ұлттық құрамасына 50 мың еуро көлемінде айыппыұл салды.

Оған себеп - хорватиялықтардың топтық кезеңнің 2-турында Канадаға қарсы өткізген матчында (4:1) жанкүйерлердің стадионға әкелген баннері. Онда: "Книн 95: ешкім Борян сияқты жылдам жүгіре алмайды" деп жазылған.  Этникалық серб, Канада ұлттық құрамасының қақпашысы Милан Борянның отбасы 1995 Хорватия әскері Книнге басып кіргенде, қазіргі "отандарына" қоныс аударып кеткен.  Әлем чемпионатында айыппұл алған үшінші ел - Сауд Арабиясы. ФИФА бұл құрамаға Аргентинамен (2:1) және Мексикамен (2:1) өткізген матчтарында сары қағазды көп алғандары үшін 30 мың еуро айыппұл салған.  скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады