Дүйсенбі, 5 желтоқсан күні еліміздің бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды. Тұрғындарға қалың қар жауып, боран болатыны ескертілді. Мұндай деректер "Қазгидромет" РМК ресми сайтында берілді.
5 желтоқсан түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігі мен батысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Сонымен қатар, бүгін түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ, тау асуларында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с болмақ. Шымкент қаласында бүгін кей уақытта тұман күтіледі.
5-12-2022, 10:03
Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз