Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда ЖЭО-дағы апатқа байланысты қылмыстық іс басталды

Екібастұз жылу электр орталығында болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Бұл туралы Павлодар облысы прокуратурасының ресми сайтында хабарланды, деп жазады kazlenta.kz

Ведомство 30 қараша күні Павлодар облысының прокуратурасы жылу желілеріндегі ірі зақымдану, желілік судың қысымын төмендету және "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС су жылыту қазандықтарын тоқтату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттерге жосықсыз қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркегенін хабарлады. Ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

"Апат салдарынан бірнеше ондаған көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, бірқатар әлеуметтік нысандар жылудан ажыратылып, 123 тұрғын, оның ішінде балалар да эвакуацияланды. Білім беру нысандары қашықтан оқыту форматына көшті, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды", – делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу Павлодар облысы бойынша Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырылды. "Павлодар облысы прокурорының қаулысымен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру бойынша процессуалдық прокурорларының тобы айқындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды", – деді ведомство өкілдері. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді