Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда 21 жастағы жұмысшы ЖЭО-да көз жұмды

Петропавлда ЖЭО-2-де алған жарақатынан жұмысшы қаза болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында 5 қараша күні Петропавл ЖЭО-2 аумағында жұмыс орнында болған 21 жастағы монолитшінің өндірістік жарақат алғаны анықталған. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылған. Алайда ол 7 қараша күні алған жарақаттарынан қайтыс болған. Сол күні бұған дейін Петропавл полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің өндірісінде болған қылмыстық іс (Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген) Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша қайта сараланған. Ведомство қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатынын жеткізді.

Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалатынын атап өтті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты