Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министр жылусыз қалған Екібастұз мәселесі бойынша тапсырма берді

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Екібастұздағы апатқа байланысты министрліктерге бірқатар тапсырма берді. Апат салдарынан қала жылусыз отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Әлихан Смайылов Екібастұзды жылумен қамтуды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру керегін айтты.

"Апаттың барлық себебін жою қажет. Қыс әлі түскен жоқ, бірақ төтенше жағдай жарияланып үлгерді. Сондықтан осыдан барлық әкімдіктер қорытынды шығаруы керек", - деді премьер-министр.

Ол Энергетика министрлігіне Индустрия министрлігімен бірлесіп, "Екібастұзтеплоэнерго" кәсіпорнындағы техникалық ақауды тексеруді тапсырды. Сондай-ақ Энергетика және өнеркәсіп министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердегі энергетика нысандарына толық техникалық аудит жүргізіп, үкіметке ақпарат ұсыну тапсырылды.

"Жылыту маусымы басталғанға дейін жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы тексерілсін. "Тәуекелді" нысандардың жабдықтары мен инфрақұрылымына ерекше назар аударылсын. Бұл нысандардың иелерімен жылу-энергетикалық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы келіссөздер жүргізу қажет", - деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов ұлттық экономика, энергетика және индустрия министрліктеріне әкімдіктермен бірлесе отырып, "Инвестицияға айырбас тарифі" бағдарламасы аясында коммуналдық кәсіпорындардың әрбір өтінішін егжей-тегжей зерделеуді тапсырды. "Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және жөндеуге бөлінген қаражаттың нақты мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алу қажет. Әкімдер жылу беру маусымы мәселесін тұрақты жеке бақылауында ұстасын", - деп түйіндеді сөзін премьер-министр.

Еске сала кетейік, Екібастұзда жексенбі, 27 қарашаға қараған түні ЖЭО-да төрт қазандық тоқтап, қалаға жылу беру тоқтаған болатын. Энергетика министрлігі жылу желілерінде желілік судың қысымы төмендегенін, соның салдарынан ыстық су қазандықтары тоқтатылғанын хабарлады. Келесі күні Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді