Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда жылу электр орталығындағы апат салдарынан мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды

Екібастұзда жылу электр орталығындағы апаттан соң мектептерде 28 қараша күнгі сабақ тоқтатылды. Оқушылар үшін сабақ онлайн форматта өтетін болады, деп хабарлайды Екібастұз қаласының білім бөліміне сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Ведомства мәліметінше, мектептерде сабақ тек бір күн ғана яғни 28 қарашада тоқтатылады. Сонымен қатар бұл күні балабақшалар да өз жұмысын тоқтатады.

"Оқиғаға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Бұл балалардың денсаулығын сақтау үшін уақытша қабылданған шешім. Жылу жүйесіндегі ақау жақын арада қалыпқа келтірілетін болады", - деп хабарлады Екібастұз қаласының білім бөлімі. 

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Екібастұздағы 25 мектепте 21 мыңнан астам бала білім алады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Екібастұз тұрғындарының жылусыз қалғанын хабарлаған болатынбыз. Ал кешірек Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Instagram парақшасында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен перзентханадағылар эвакуацияланатынын айтты. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады