Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне басшы болды

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланған, деп хабарлайды kazlenta.kz


Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда Президенттің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру туралы мәселе қаралды.


«Сенбі күні, яғни 26 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңға сәйкес Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының өкiлеттiгi жаңадан сайланған Президент қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына да қатысты ереже. Конституцияға сәйкес Президенттің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Соған байланысты Сенатқа Мемлекет басшысының тиісті ұсынымы келіп түсті», – деді Мәулен Әшімбаев.


Мемлекет басшысының Ермек Сағымбаевты ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындауына келісім беру туралы ұсынымын Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов оқып берді.


Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед атап өткендей, Мемлекет басшысы ұсынған кандидатура комитеттің отырысында қаралып, жан-жақты талқыланған. Нәтижесінде қолдау үшін Сенатқа ұсынылды. Палата отырысында Сенат депутаттары Мемлекет басшысының Ермек Сағымбаевты ҚР ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындауына келісім беру туралы шешім қабылдады.


Айта кетейік, Ермек Сағымбаев Қазақ политехникалық институтын (1989 ж.) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2007 ж.) бітірген.


ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. ҚР МҚК Құрметті қызметкері.


2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.

2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды;

2006-2019 жылдары – ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды;

2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы;

2021-2022жж. - Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы;

2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді