Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жигули Дайрабаев Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Кезектен тыс Президент сайлауына қатысқан кандидаттардың бірі - Жигули Дайрабаев науқанның алдын ала қорытындысында басым дауыс иеленген Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады. Бұл туралы kazlenta.kz «Хабар 24»телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.


«Сайлау науқаны өз мәресіне жетті, алдын ала қорытындысы шықты, халық өз таңдауын жасады. Ең алдымен, маған сенім білдіріп, дауыс берген сайлаушыларыма шын жүректен алғысымды айтамын!» - деді кандидат. Ол саяси науқанда ұсынған бағдарламасы осы сайлаумен тоқтап қалмайтынын атап өтті. Сайлаулды құжатында көрсетілген бастамаларын бұдан кейін де жалғастыра беретініне сендірді.

«Халықтың жағдайын, әл-ауқатын жақсарту үшін бүкіл күш-жігерімді, маңдай терімді арнаймын.


Содан соң, Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтаймын! Ел игілігі үшін еңбек етеді деп кәміл сенемін! Жаңадан сайланған Мемлекет басшысына ел басқару ісінде табыс тілеймін!» - деді Дайрабаев.


Жигули Молдахалықұлы сайлауалды кампаниясында екі басты мақсатқа қол жеткізгенін мәлімдеді.


«Біріншіден, ауыл және ауыл шаруашылығының қомақты мәселелерін қоғам алдында тағы да көтердік. Екіншіден, «Ауыл» партиясының жұмысын жан-жақты насихаттап, партияның мүмкіндіктері мен электоралдық күш-қуатын халыққа таныта білдік. Ауыл тұрғындары «Ауыл» партиясына сенеді. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, ауыл мен агро саланың болашағы үшін жұмысымызды жалғастыра береміз! Енді алдағы электоралдық науқандарға дайындаламыз!» - деді Жигули Дайрабаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді