Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде үшемдер өмірге әкелді

Ақтөбеде 24 жастағы келіншек Фатима, Медина, Әмина есімді үшем дүниеге әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Сәбилер облыс орталығындағы перинаталдық орталықта өмірге келді. Отбасы Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында тұрады. Сәбиін қолына алған жас ананың қуанышында шек жоқ.

"Үшем екенін жүктіліктің 12 аптасында білдік. Қуандық. Жүктілік қалыпты өтті. Балалар қазір дәрігерлердің бақылауында",- дейді жас босанған ана Жайнагүл Қалила. 

Бойлары 42-43 см, салмағы 2020-2200 гр болатын нәрестелердің денсаулығы қалыпты, анасының қасында жатыр. "ЭКО емес, балалар ананың бойына табиғи жолмен біткен. Үшемдердің денсаулығы қалыпты. Кесір тілігі арқылы босанды. Отаны Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының білікті дәрігері Алексей Хасанов жасады. Облыстық перинаталдық орталықтың материалдық-техникалық базасы жоғары, ана мен балаға жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсетуге әбден лайықты.

Арнайы жобамен салынған, инновациялық технологиямен жабдықталған перинаталдық орталықта үшемдер салмақ қосып болған соң, үйлеріне шығарылады",- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қыметі. Ақтөбе облыстық перинаталдық орталық мамандары 2022 жылдың 10 айы ішінде үшінші рет үшем мен олардың анасының өмірін сақтап қалды. Ең алғашқы үшем 2022 жылдың мамыр айында өмірге келген еді. Ата-аналары оларға Кемел, Қасым, Жомарт есімін берді. Ал Мариям, Аиша, Амина есімді екінші үшемдер бір ай бұрын дүниеге есігін ашты.

Автор: Ардақ Ерубаева скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды