Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда ерлі-зайыпты мұғалімдер отбасында үшем дүниеге келді

Атырау қаласында ерлі-зайыпты мұғалімдер отбасында үшем дүниеге келді. 25 жастағы Альбина Бисешованың бұл екінші жүктілігі, деп жазады Ақжайыққа сілтеме жасаған kazlenta.kz 

Басылымның хабарлауынша, үшем - екі қыз, бір ұл бала Атыраудағы қалалық перинаталдық орталықта 8 қараша күні өмірге келген. Нәрестелер шала туғандықтан жансақтау бөліміне ауыстырылып, арнайы инкубаторға жатқызылған. Қыз баланың бірі салмағы - 1750 г, бойы - 43 см, екінші қыз баланың салмағы – 1630 г, бойы – 45 см, ал ұл баланың салмағы - 1960 г, бойы – 42 см болып туған. Сәбилердің әкесі Мұрат Сұлтанов әйелінің жағдайы жақсы екенін, өзімен күнде хабарласып отырғанын айтады.  

"УЗИ" дәрігері үшем екенін айтқанда, қуандық, сосын аман-есен дүниеге келсе екен деп уайымдадық. Бірден есіме осыдан 54 жыл бұрын үшемді дүниеге әкелген әжем түсті. Олар туралы кезінде газеттер жазды. Үшемге дейін әжемнің төрт баласы болған, менің әкем үлкені. Үшемнің ішіндегі бір ағамның қызы бірнеше жыл бұрын егіз босанған", - дейді Мұрат.  

Басылымның жазуынша, Мұрат №38 мектеп-лицейде алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінен, ал Альбина Қасым Қайсенов атындағы №33 мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.   "Әрине, Альбинаға үш баланы құрсақта көтеріп, дүниеге әкелу оңай болған жоқ. Біз барынша моральдық, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетуге, үй жұмысын көп жасатпауға тырыстық. Өзі де дәрігердің ерекше бақылауында болды", - дейді көпбалалы әке. Айта кетейік, Мұрат пен Альбинаның үшемнен бөлек, бір қыздары бар. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді