Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда алып сәби дүниеге келді

Алматы қаласының №4 перзентханасында салмағы 5 келіден асатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды kazlenta.kz қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, акушерлер Натальяны кесарь тілігі арқылы босандырып алуы керек еді. Алайда ол 1 қараша күні таңғы сағат 5:30-да табиғи жолмен өзі босанған. Өмірге салмағы 5100 грамм болатын қыз бала келген. Дәрігерлердің сөзінше, УДЗ кезінде нәрестенің салмағы 4600-4800 болады деп болжанған. Қазір Наталья сәбиімен бірге үйіне шығуға дайындалып жатыр. Олар қыздарына Дарья деген есім берген. Дарья отбасындағы төртінші бала.

"Жасым 38-де. 11 жастағы қызымыз, 9 және 2,7 жастағы ұлдарымыз бар. Міне енді Дарья есімді қызымыз дүниеге келіп отыр. Дарья - сый, сыйлық деген сөзден шыққан. Қызымыздың аман-есен өмірге келуіне үлес қосқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Акушерлердің жұмысы ауыр, олар нағыз батырлар", - дейді Наталья.
 
Көпбалалы ананың сөзінше, үлкен қызы да ірі салмақпен (4 100 грамм) туған. Ал дәрігерлер қазір алып сәбилердің дүниеге келуі сирек жағдай емес дейді. Себебі биылдың өзінде №4 перзентханада салмағы 4 келіден асатын 621 бала 5 келіден асатын 10 бала дүниеге келген. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді