Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда салмағы бес келіден асатын сәби дүниеге келді

Қарағандыдағы №1 перинаталдық орталықта салмағы 5288 грамм қыз бала өмірге келді. Бұл отбасындағы төртінші перзент, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Зарина Ивакина төртінші сәбиін табиғи босану жолымен өмірге әкелді. Бұған дейін ол үш ұлдың анасы атанған. Дәрігерлер құрсақтағы сәбидің салмағы үлкен боларын болжағанымен, нәрестенің бес келіден асып туғаны бәрін таң қалдырып отыр.

"УДЗ мәліметтері бойынша болжамды салмақ - 4100 грамм еді. Нәресте дүниеге келгенде оның салмағы 5288 грамды көрсетті. Мұндай алып болады деп ойламадық", - дейді акушер-гинеколон Мария Терещенко.

Қазір ана мен бала өзін жақсы сезінуде. Ата-анасы қыз балаға Кәусер есімін берген. Тағы бір қызығы, нәресте әжесінің туған күнінде дүниеге келді. Кішкентай Кәусарды үйде 16, 11 және 5 жастағы үш үлкен ағасы асыға күтіп отыр. 2022 жылдың 6 айында №1 перинаталдық орталықта салмағы 4 келіден асатын 142 сәби дүниеге келді.

"Біз салмағы 4 келі және одан да көп балаларды ірі деп есептемейміз. Салмағы 5 келі және одан да көп балалар алып бала деп саналады. Біздің перзентханада қыздарға қарағанда ірі ұлдар көбірек туылады. Статистикалық мәліметтер бойынша, ай сайын туған балалардың бір пайызға жуығы ірілер қатарына жатады" - деп толықтырды №1 перинаталдық орталықтың басшысы Жанар Жарова. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді