Жс, 11 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда биыл күзде 2-ЖЭО түтін мұржасы салынады

Петропавлда қазан айында 2-жылу-электр орталығының №1 түтін мұржасының құрылысы басталады. Шаһардың жаңа әкімі Руслан Анбаев нысанға барып, жылыту мауысымына дайындықты көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Петропавлдағы жылу-электр орталығында жылыту маусымына дайындық қызған. Бұл облыс орталығының жаңа әкімі барған алғашқы нысан болды.  «Арнайы барып жұмыс барысымен таныстым. Бірер күн бұрын 2-ші түтін мұржасы іске қосылды. Қазір ол қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бүгінде мамандар орталықтағы қазандықтарды жылыту маусымына әзірлеп жатыр. Қала тұрғындарын ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 3 қазандық істеп тұр. Жылыту маусымы басталысымен тағы төртеуі қосылады және қараша айында олардың жалпы саны 11-ге дейін жетпек», - деді Петропавл әкімі Руслан Анбаев.  Сондай-ақ биыл №1 түтін мұржасының құрылысы басталмақ.  «Жоба дайын.

Қазан айында мұржаның іргетасы қаланып, келесі жылдың сәуірінде мұржаның салына бастайды. Шаруаға жауапты мердігерлер дәл осындай жобаны Павлодар қаласында жүзеге асырып жатыр. Айта кету қажет, құлаған мұржаның демонтажы құрылысқа еш кедергі жасамайды», - деді Руслан Анбаев.  Қазіргі уақытта ескі №1 түтін мұржасы бұзылып алынып жатыр. Қала әкімінің айтуынша, бұл жұмыс та, жаңа нысанның құрылысы да жылыту маусымына еш әсерін тигізбейді.  Естеріңізге салайық, 20 наурызда Петропавлдағы жылу-электр орталығының түтін мұржасы жартылай опырылып құлаған еді. Салдарынан жұмысшы әйел мерт болды.  Ал облыс орталығында тұрғындар пәтерлерінің суып кеткеніне шағымданды.

Кейін осы кәсіпорынның бірнеше басшысы қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.  СҚО әкімі орталықтың жартылай құлаған мұржасы толық бұзылып алынатынын айтты.  Сондай-ақ, Энергетика министрі Болат Ақшолақов Петропавлдағы мұржасы құлаған 2-ЖЭО-да болып, нысанды күрделі жөндеуге 17,5 млрд теңге қажет екенін айтты. Ал, жуырда «Севказэнерго» АҚ түтін мұржасын бөлшектеуге неге үш адамның ғана жұмылдырылғанына түсінік берді.  Петропавлда 2-жылу-электр орталығындағы апатқа байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Шілде айының соңында ҚР Энергетика министрлігінің комиссиясы жұмысын аяқтап, Петропавлдағы 2-жылу-электр орталығы мұржасының неден құлағанын анықтады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді