Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда «Жылумен жабдықтау туралы» Заңды әзірлеуге кірісті

Бүгінгі күні тұжырымдама жобасы «Атамекен» ҰКП-да, заңды тұлғалар бірлестігінде талқылауға жолданған, нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында және Энергетика министрлігінің ресми сайтында орналастырылған, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бүгінде Қазақстанда жылу энергетикасы саласын реттейтін бірыңғай салалық заң жоқ. Сала мәселелері «Электр энергетикасы туралы» Заңда ішінара көрсетілген, бірақ барлық қажетті аспектілерді қамтымайды.

Жылумен жабдықтау саласындағы негізгі проблемалардың бірі-негізгі жабдықтың жоғары тозуы (орта есеппен 59% деңгейінде) және жабдықтың пайдалы әсер коэффициентінің төмен болуы (орта есеппен 35-50%).

Сонымен қатар, жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін айқындау қажет. Саланы мемлекеттік реттеуді бірнеше мемлекеттік орган жүзеге асырады: Энергетика министрлігі - энергия өндіру саласындағы саясатты, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – жылу энергиясын беру және тұтыну саласындағы саясатты, Ұлттық экономика министрлігі – тариф белгілеуді. Бұл ретте, Қазақстанда жылу энергетикасы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау қарастырылмаған.

Жылумен жабдықтау саласына инвестициялар тарту тетігін енгізу талап етіледі. Табиғи монополиялар субъектілерінің (энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың) тарифтері жылу энергиясын өндіруге және беруге нақты шығындарды жаппайды, бұл саланың инвестициялық тартымдылығына кері әсер етеді.

Құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарына енгізілетін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты