Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 28 жастағы аруға бейтаныс адам шабуыл жасады

Алматы тұрғыны көшеде өзіне бейтаныс адамның шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл жағдайға қатысты оңтүстік астананың полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Жәбірленушінің сөзінше, бейтаныс адам оған үйіне жақын жерде шабуыл жасаған. Оқиғаның мән-жайы айтылған жазба Instagram желісіндегі топтардың бірінде жарияланды.

"Басымнан ұра бастады. Қасымды тіліп жіберді. Содан кейін келген жолымен қашып кетті. Полицияға бірден арыздандым. Алайда олар әлі камераларды тексерген жоқ. Оның түрін есімде сақтап қалдым. Бірақ менен ешкім бұл туралы сұрамады. Бұл істі жауып тастай ма деп қорқамын", - деді бойжеткен.
 
Жәбірленушінің шағымына қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдіріп, ведомство басшылығы тергеу барысын бақылауға алғанын мәлім етті.

"Бойжеткен алған жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді құзырлы органның баспасөз қызметінен.
 
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Айта кетейік, оқиға 16 тамызға қараған түні Алматы қаласының Медеу ауданының аумағында болған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды