Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында биыл туберкулезден 10 адам көз жұмды

Қызылорда облысында биыл 9 айда 330 адам туберкулезге шалдықса, аталған дерттен он адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Қызылорда облысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, биыл облыста 9 айда туберкулезге шалдығудың 330 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,6 пайызға артық. Олардың басым көпшілігі – тыныс алу жолдарының туберкулезі.

"Сырқаттанушылық деңгейі Жалағаш ауданында бір деңгейде қалыптасқан. Ал қалған аудандарда эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Туберкулездің ашық түрімен ауырғандар 1,3 есеге жоғарылаған. Індетке шалдыққандардың 66 пайызы әлеуметтік белсенді топтар, яғни 18 – 64 жас аралығындағы тұрғындар. Сырқаттанушылықтың 5,4 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар болса, 5,4 пайызы – жасөспірімдер арасында тіркелген", – деп мәлімдеді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары. Эпидемиологиялық талдау нәтижесі туберкулезге шалдығу көп жағдайда жұмыссыздар және зейнеткерлер арасында көп екенін көрсеткен.

"Аталған аурудан Қызылорда қаласында – 5, Байқоңырда – 2 адам көз жұмса, олардың саны аудандар бойынша Жалағаш, Қазалы мен Жаңақорғанда – 1 адамды құрайды. Аурудың асқыну және өлім-жітім себептері ауыру қаупі жоғары "тәуекел" топтағы контингенттердің уақытылы флюрографиялық тексерілмеуі, ауру клиникасы пайда болғанымен тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгіну салдарынан болуы ықтимал", – деді аталған ведомство өкілдері. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады