Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қазақстандық отбасылардың ақылы қызметтерге шығындары бір үй шаруашылығына орта есеппен 110,9 мың теңгені құрады, бірінші тоқсанмен салыстырғанда минус 3,4%. Бұл, алдыңғы тоқсандағы 17,8% қарағанда, үй шаруашылықтарының барлық шығындарының 16,4%, деп хабарлайды kazlenta.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Finprom.kz талдаушылары бір тоқсан ішінде сегменттегі қай шығындардың баптары өскеніне, қайсысы қысқарғанына талдау жүргізді.
Үй шаруашылықтарының ақылы қызметтерге шығындардың ең үлкен көлемі көлік пен байланыс сегментіне тиесілі – екінші тоқсан ішінде 37,3 мың теңге, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына қарағанда, плюс 3,8%.
Коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге қазақстандықтар бір үй шаруашылығына орта есеппен 34,5 мың теңге жұмсады – алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда бірден 19,8% аз. Дәл осы аталмыш сегментте шығындардың аса көп қысқаруы байқалады.
Тағы 16,6 мың теңге білім беру мен денсаулық сақтауға жұмсалды – өткен тоқсанға қарағанда минус 3,6%. Киім тігу, киім мен аяқ киімді жөндеу және тазалау қызметтеріне, сондай-ақ жиһазды, тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру қызметтеріне 1,7 мың теңгені құрады – бір тоқсан ішінде минус 9,1%.
Есесіне мейрамхана мен дәмханаларға, қонақ үй қызметтеріне, сонымен бірге, бос уақытты ұйымдастыру және мәдениет қызметтеріне шығындар бірден 40,4% бір тоқсан үшін 7,1 мың теңгеге дейін ұлғайды.
Анықтама үшін: жалпы 2020 жылы ақылы қызметтерге шығындар бір үй шаруашылығына орта есеппен 379,9 мың тг құрады –«коронаға дейінгі дағдарыстық» 2019 жылмен салыстырғанда, 16,5% аз.
Негізінде қызметтердің барлық түрлері бойынша, болжамдалғандай, шығындардың қысқаруы байқалды. Тек байланыс қызметтеріне шығындар ғана ұлғайды – плюс 5,7% 76,6 мың тг дейін.
Өз кезегінде, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге шығындар 0,5%, ал көлік қызметтеріне – бірден 25,3% қысқарды, бұл жағдайды «ковидтік» шектеулермен және локдаундармен түсіндіруге болады.
Сектордағы бағалардың өсуіне қатысты айтар болсақ, ақылы қызметтер инфляцияға ең аз үлес қосады. Сөйтіп, ҚР-дың тұтынушылар нарығындағы бағалар ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бірінші тоқсанмен салыстырғанда 2,3% және бір жыл бұрынғы екінші тоқсанға қарағанда 7,4% өсті. Сонымен бірге, ақылы қызметтердің құны бір тоқсан ішінде небәрі 1,4% және жылына 4,9% өсті.
Салыстыру үшін: азық-түлік тауарлары бір тоқсан ішінде 3,1% және бір жылда бірден 9,9%, ал азық-түліктік емес тауарлар – бір тоқсан ішінде 2,3% және жылына 6,6% өсті.
Ақылы қызметтердің арасында шипажай қызметтері едәуір қымбаттады – бірден бір тоқсан ішінде 4,5% және жылына 8,5%. Тұрғын үйді күтіп ұстау құны аздап қана өсті (бір тоқсан ішінде 0,4% және жылына 1,3%).
kazlenta.kz