Республика күніне тағы бір тарту. Бүгін Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайырығы ресми түрде ашылды. Қаланың бас жоспарына сəйкес көлік кептелісін азайту мақсатында осыдан екі жыл бұрын құрылысы басталған жолайрық мерекеге орай, салтанатты түрде пайдалануға берілді. 25 қазан – Республика күніне арналған іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және тиісті басқарма басшылары, мердігер компанияның жетекшілері, сондай-ақ қала тұрғындары даі қатысты. Шара барысында сөз алған шаһар басшысы бірқатар атқарылған жұмыстарды да тілге тиек етіп кетті.
– Бұл жолайырық былтырдан бері техникалық түрде ашылып, қала тұрғындары пайдаланып келеді. Жобаға қосымша жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелдері салынып, айнала абаттандырылды. Бұл – мегаполистегі ірі жобаның бірі. Бәріңізге сәттілік тілеймін. Ұлттық мерекеміз құтты болсын. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! – деді Шымкент қаласының əкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Əйтенов.
Əкімі бастап, тұрғындары қоштаған топ қуанышты күні шынар ағашының көшеттерін екті. Жаңа біткен жолайырықтың жұмысымен кеңірек танысып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдермен жүріп көрді.

