Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Павлодар облысының депутаттары, кәсіпкерлері провизорлық госпитальдарға Бобров аппараттарын, дәрілік препараттар және 5000 литр ауыз су табыстады.
Кәсіпкер, «Nur Otan» партиясы қалалық мәслихатының депутаты Михаил Желнов оттегіні ылғалдандыру үшін Бобров 3 аппаратын сатып алып, бүгін Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына, №1 қалалық ауруханаға және жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізді. Сондай-ақ, провизорлық госпитальдардың қызметкерлері кәсіпкерден 1000 литрден астам ауыз су алды.
«Blu Star» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Қобланбек Қожин шағын және орта бизнес өкілдерімен, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып, қаланың провизорлық госпитальдарына жалпы сомасы 1,5 млн. теңгеге қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізді. Атап айтқанда, фторхмиолин, азитромицин, парацетамол, аспирин, тромбоасс, клексан және т. б. препараттар алынды.
«A.R.S.-Ойл» ЖШС директоры, «Nur Otan» партиялық кадрлық резервіне қатысушы Әлия Асқарова қаланың үш провизорлық госпиталіне 1000 литрден астам ауыз су жеткізді.
Кәсіпкерлер медициналық мекемелерге бірнеше рет көмек көрсеткен, және бұл жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар өңіріміздің белсенді азаматтарын бұл бастаманы қолдауға шақырады.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Павлодар облысының медициналық мекемелеріне жеке қорғану құралдары мен дәрі-дәрмек препараттары түрінде Қытай мен Ресейден келіп түскен гуманитарлық көмек жүктеріне мониторинг жүргізді. Мониторинг тобының құрамына облыстық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері, облыстық кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің және Павлодар облысының қоғамдық бақылау тобының өкілдері кірді.
Гуманитарлық көмекке мата емес материалдардан жасалған киім жиынтығы, үш қабатты медициналық маскалар, қорғаныс көзілдірігі мен комбинезондар, хирургиялық қолғаптар, инфрақызыл термометрлер кірді. Сондай – ақ, Павлодар облысына алғаш рет коронавирусты инфекциясын орташа ауыр ағымдағы емдеуге арналған - коронавир дәрілік препараттардың 230 қаптамасы келіп түсті. Бұл гуманитарлық көмек Павлодар облысының 38 медициналық мекемесіне бөлінді. Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі садудан аулақ болу үшін әрбір қаптамаға «тегін» мөртабасын қойды. Павлодар облысының партиялық бақылауы өңірдің барлық провизорлық госпитальдары кірген облыстың 38 медициналық мекемесінің жеткізілуін бақылауға тексеру жүргізді. Алдағы аптада мұндай мониторингті қалалар мен аудандарда партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жүргізеді.
Бүгін «Денсаулық себеті» акциясын Павлодар облыстық филиалының «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлері қолдады. Жас еріктілер провизорлық госпитальдардың медицина қызметкерлеріне «Денсаулық себетін» жеткізуді ұйымдастырды. Волонтерлер себетке жеміс, бал, қымыз, шай, кептірілген жемістер, антисептиктер мен маскалар жинады. Мұндай көмекті қаланың провизорлық госпитальдарының дәрігерлері мен медбикелері алды. «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері еріктілерді бүгінгі күні жерлестерімізді құтқару үшін өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп отырған медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуге шақырады