Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда заңсыз медициналық құралдар мен препараттарды сатқан 23 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері медициналық құралдарды заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдті жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Дәрілік препараттар мен медициналық құралдарды заңсыз өткізу фактілерін анықтау бойынша өткізілген жедел-алдын алу іс-шараларының төрт күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тиісті рұқсатсыз медициналық құралдар мен препараттарды заңсыз өткізген 23 адамды ұстаған. Тәркіленген препараттардың жалпы сомасы тоғыз миллионнан астам теңгені құрайды.  Осылайша, жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Дүкенұлы көшесінің бойында 35 жастағы қала тұрғыны ұсталып, одан жалпы сомасы бір жарым миллионға жуық теңгені құрайтын медициналық қолғаптар, антисептиктер тәркіленген. Сонымен қатар рейд барысында жарты миллионнан астам теңге сомасына медициналық бетперде сатпақ болған 33 жастағы қала тұрғыны ұсталған.




7 шілдеде сағат 17.15-те полицейлер екі азаматтың медициналық өнімдерді заңсыз өткізу фактісін анықтаған, олардың автокөлігінің жүксалғышында 180 мың теңге сомасына жалпы көлемі 100 литр болатын канистрадағы антисептик, 350 мың теңгеге медициналық бетперде болған.


Әрбір анықталған факті бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.


Нұр-Сұлтан қаласынының Полиция департаменті азаматтардан заңсыз дәрілік құралдарды сату фактілерін білетін болса полицияға хабарласуларын сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты