Атырауда бір отбасының 6 адамы газдан уланып, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz
Бұл туралы басылымға Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Магомед Ахриев мәлім еткен. ТЖД берген мәлімет бойынша, газдан уланғандар арасында төрт бала бар. Отбасының үлкені – 90 жастағы кейуананы құтқару мүмкін болмаған. "Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне жедел медициналық жәрдем станциясынан қоңырау түсті. Дәрігерлер Атырау қаласындағы ауруханаға табиғи газбен уланған алты адам түскенін хабарлады.
Үш бала мен бір жасөспірім облыстық балалар ауруханасына, екі ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда 90 жастағы әжені құтқару мүмкін болмады. Ол уланғаннан кейін көз жұмды. Зардап шегушілердің қалғаны медициналық көмек көрсетілгеннен кейін есін жиды. Қазір олардың жағдайы тұрақты", - дейді Магомед Ахриев. Оның айтуынша, уланудың басты себебі – газ қазандығы құбырының бітеліп қалуы. Соның салдарынан от сөніп, газ тарала бастаған. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында да бір отбасының төрт адамы газдан уланып көз жұмған еді.
19-10-2022, 16:25
Атырауда тұтас бір отбасы газдан уланып қалды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз