Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Қазгидромет жел күшейіп, тұман түсетіні туралы ескертеді, деп хабарлайды метеорологиялық қызметтің ресми сайты.
18 қазанда Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Синоптиктердің болжауынша, ертең түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігі және орталығында тұман түседі. Сейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында да тұман күтіледі. 18 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы асуларында жел күшеюі мүмкін – солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында ауа райының нашарлауы күтілуде. Синоптиктердің болжауынша, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 18 қазанда және 19 қазанда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 18-20 қазанда түнде таулы аймақтарда тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай соғады. 18-20 қазанда түнде таулы аймақтарда 2 градус аяз күтіледі. 18 қазанға қараған түні Павлодар облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.
18-10-2022, 14:04
"Тұман, жел": Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз